Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
161
оқылды

Жиында институттың 2025 жылға жоспарланған талдау жұмысының негізгі бағыттары мен маңызды іс-шара­лары талқыланды. Атап айтқанда, ҚСЗИ ел дамуының ішкі саяси үдерістері мен экономикалық үрдіс­терін зерттеуге, сондай-ақ сыртқы сая­си ахуалды бағамдауға баса мән береді. Бұған қоса, Институт деректер базасын құру және аймақтардағы өкілдіктер желісін кеңейту жұмыс­тарына айрықша назар аударады.

Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында берген сұхбатында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт-бағдарын айқындап бергенін атап өтті.

Ерлан Қариннің айтуынша, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік сая­сатты сараптамалық-талдамалық тұр­ғыдан сүйемелдеу ісінде ҚСЗИ айрық­ша рөл атқарады. Сондай-ақ құры­лым­ның аймақтарды дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу, эко­номика­лық реформаларды одан әрі ілгерілету, геосаясаттың жаһандық үрдістерін талдау және басқа да өзекті әрі сұранысқа ие бағыттар бойынша маңызы зор. Институт сарапшылары мемлекеттік ішкі және сыртқы сая­саттың негізгі мақсат-міндеттерін сарапшылар қауымдастығына ғана емес, барша жұртшылыққа түсіндіруге де ерекше атсалысып жүр.