Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі деп күтілуде.
Алдағы күндері ауа температурасы 12 градусқа дейін жылынады
4,655
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 14-16 қаңтар аралығында тұрақсыз ауа райы сақталатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Метеорологтардың айтуынша, республиканың басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды учаскелер бойынша анықталады.

Алдағы күндері ел аумағында қар мен бұрқасын күтіледі. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады.

Сондай-ақ температура фонында да өзгерістер болады. Түнде батыста 0-8° аяздан 10-25° аяз, республиканың солтүстігінде және шығысында күндіз 5° аяздан 2-10° аязға дейін;

Республиканың оңтүстігінде түнде 1-13° аяз, ал күндіз 0-12° жылы болады.

Сонымен қатар, ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі деп күтілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.