Оған Қазақстанның 8 қаласынан келген мектеп оқушылары қатысты.
Жұмысшы және техникалық мамандықтарды танымал ету: оқушыларға арналған семинар өтті
417
оқылды

«Жұмысшы мамандықтары жылы» Сәтбаев университетінде талапкерлерге кәсіби бағдар жасауға арналған семинардан басталды.

 Оған Қазақстанның 8 қаласынан келген мектеп оқушылары қатысты. Семинарды Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев жүргізді.

– Біз жастарға өздерінің және Қазақстанның жарқын болашағын құру үшін қажетті білім беруге терең көңіл бөлеміз», - деп бөлісті өз ойымен Руслан Емелбаев.

 — Жастардың инновацияға, инженерияға деген қызығушылығы бар екенін көріп отырмыз. Бұл бізді жас таланттардың кәсіби түрде дамуы үшін одан да көп мүмкіндіктер жасауға шабыттандырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қазір техникалық салаларға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Жыл сайын барлық гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Семинар Сәтбаев университетінің ғимараттарын аралаудан басталды. Мектеп оқушылары еліміздегі алғашқы техникалық университеттің күнделікті тіршілігімен танысты, содан кейін семинарға қатысты. Семинар барысында негізінен алдағы емтиханның форматына, оның өту тәртібіне және ҰБТ-ны сәтті тапсыру үшін қажетті дағдыларға ерекше назар аударылды. Оқушылар оқуға түсу және оның перспективалары туралы, жатақханадан орын алу және Қазақстандағы шетелдік жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндіктері туралы сұрақтарын қойды.

Жұмыскер мамандығын және техникалық мамандықтарды танымал ету бағдарламасы аясында өткен семинар техникалық салаларды таңдайтын кәсіби мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуде министрлік үшін маңызды қадам болып саналады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.