Әлеуметтік желіде актер Рамазан Амантай өмірден өтті деген ақпарат тарады.
Алла өзі кешірсін! – Актер Рамазан Амантайдың әйелі мәлімдеме жасады
Фото: Видеодан алынған кадр
2,199
оқылды

Белгілі актер Рамазан Амантайдың әйелі Төлен Гүлфару жарына қатысты желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жалған деректе актер суши жеп, уланғаны жазылған. 

Актердің әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқан.

"Құрметті достар, Аллаға шүкір, бізде бәрі жақсы. Бәрі аман. Уайымдап жазып, хабарласып жатқандарыңызға рахмет! Жалған ақпарат таратқандарды Алла өзі кешірсін!", – деп жазды Төлен Гүлфару.