Aikyn.kz ақылды матадан жасалған күртенің жұмбағы туралы bgr.com сайтына сүйеніп түсіндіреді.
Жаңа технологиялық матадан тігілген күрткелер қатты суықта сіздің денеңізді 54 градусқа дейін жылы ұстайды. Фото thepersonal.com сайтынан алынды
Астананың ауа райына күпі, ішік пен тон керек болмай қалатын сияқты. Жаңа технологиялық матадан тігілген сыртқы жеңіл күрткелер қатты суықта сіздің денеңізді 54 градусқа дейін жылы ұстайды.
Бүгінде батареялар мен адам денесінің жылуын ұзақ сақтайтын арнайы спорт киімдері бар. Ал қазір ғалымдар мүлдем бөлек технологиямен жұмыс істейтін бұйым жасады: Күн сәулесінен басқа ештеңені пайдаланбай өзін қыздыратын ақылды мата жасалды. Ерекше матаның сыры оның бірегей композициясында жатыр. Зерттеушілер әдетте су өткізбейтін спорттық киімдерде қолданылатын термопластикалық полиуретаннан (PTU) жасалған талшықтарға арнайы нанобөлшектер енгізген. Осы нанобөлшектер полианилиннен (PANI) және полидофаминнен (PDA) жасалған және толқын ұзындығының кең ауқымында Күн сәулесін сіңіре алады.
Бұдан кейін ақылды жылыту матасы жиналған жарықты жылуға түрлендіру үшін фототермиялық конвергенция деп аталатын технологияны пайдаланады. Күн сәулесінің әсерінен небәрі 10 минуттың ішінде матаның температурасын (30°C) астам жоғарылатады.
Ақылды жемпір Күн сәулесінің әсерінен бар болғаны 10 минутта 53,5°C температураға жылиды. Фото tdsportswear.com сайтынан алынды
Ақылды матаның құрамында температураның өзгеруінің көрнекі индикаторлар бар. Осындай ыстыққа сезімтал бояғыштардың көмегімен материал қызған сайын киімнің түсі өзгеріп тұрады. Зертханалық сынақтарда осы ақылды материалдан тоқылған жемпір Күн сәулесінің әсерінен бар болғаны 10 минутта 53,5°C температураға көтерілген. Алғашқыда жарқын қызыл түсті мата жылыған сайын ақ түске боялып, температураның өзгеруін көрсеткен. Киімнің түсін осылай өзгертуі сән индустриясы үшін қызықты болуы мүмкін.
Батареяларға немесе металл қыздыру элементтеріне негізделген дәстүрлі қыздырылған киімдерден айырмашылығы, бұл ақылды жылыту матасына Күн сәулесінен басқа ештеңе керегі жоқ. Ол жеңіл және керемет төзімді. Зерттеушілер оның икемділігін сақтайтынын, бастапқы өлшемінен бес есеге дейін созыла алатынын және 25 рет жуудан кейін де қыздыру тиімділігі мен түс өзгертетін қасиеттерін жоғалтпайтынын айтады.
Ақылды мата суық климатқа арналған киімдерде төңкеріс жасайды. Фото istockphoto.com сайтынан алынды. Авторлығы: Nastco
Ақылды мата туристік жабдықтарда, құтқаруға арналған материалдарда, әскери киімдерде және тіпті суық климатта үй жануарларына арналған киімдерде де төңкеріс жасайды деп күтілуде. Басқа қуат көздерін қажет етпейтіндіктен материал алыста орналасқан, электр және жылыту желілерінен тыс орындар үшін әсіресе пайдалы болуы мүмкін.
Қазір зерттеушілер өндіріс шығындарын азайтуға және ақылды жылыту матасын жасауды жеңілдетуге назар аударуда. Олар осы кедергілерді жеңгеннен кейін, біз материалдың артықшылығын пайдаланатын жаңа киім шығарылымдарын көре бастаймыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.