Ұйқының дұрыс болмауы, стресс есте сақтау қабілетін нашарлатады. Осы ретте невропатолог дәрігер жадыны жақсартатын бірнеше кеңес ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, ақпаратты есте жақсы сақтау үшін жадыңыз шаршаңқыраған кезде оған демалыс берген абзал. Ол мынадай кеңестер ұсынды.
Жадыны жақсартудың қарапайым әдістері:
Ақпаратты қабылдағанда үзіліс жасау
Егер сіздің жадыңыз "шамадан тыс жүктелгендей" сезілсе, қысқа үзіліс жасап, басқа әрекетпен айналысу пайдалы. Мысалы, 10-15 минут лекция тыңдағаннан кейін, денені қыздыру үшін біраз серуен жасауға болады. Бұл есте сақтау қабілетін қайта жандандыруға көмектеседі.
Көпшілік алдында сөйлеу және жаңа нәрсе үйрену
Жаңа ақпаратты есте сақтау үшін оны шағын бөліктерге бөліп үйренген дұрыс. Мысалы, көлік нөмірін есте сақтау үшін оны екі бөлікке бөлуге, ал сатып алу тізімін көкөністер, сүт өнімдері сияқты санаттарға топтастыруға болады.
Қажетсіз ақпараттан арылу
Ақыл-ойды сергек ұстау үшін артық ақпараттан өзіңізді қорғағаныңыз абзал. Әлеуметтік желілердегі қысқа бейнелер мен тым жылдам ақпараттар санаға шамадан тыс жүк артуы мүмкін, сондықтан оларды шектеу қажет.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.