Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, баланың оң жақ саны көгерген. Сотталушы кінәсін толық мойындады.
Прокурор сотталушыға белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу жазасын тағайындауды сұрады.
Сот шешімімен тәрбиеші ҚК-тің 140-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 1 жыл мерзімге айыра отырып, 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (314 560 теңге) айыппұл жазасы тағайындалды.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.