Қазір оның жеке басы анықталып жатыр.
«Жомарт» шахтасындағы апат: жетінші жұмысшының мәйіті табылды
Фото: istockphoto
763
оқылды

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-на тиесілі кеніштен жетінші қызметкердің мәйіті табылды. Қазір оның жеке басы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған жеті жұмысшының мәйіті жер үстіне шығарылып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының «жедел желісіне» 23 қоңырау келіп түскен.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» шахтасында 640 метр тереңдікте тау жынысы опырылып, 7 жұмысшы үйінді астында қалды.

Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік  комиссия құрылды.

Бұған дейін апаттан кейін алты жұмысшының денесі табылып, жетінші адам іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

«Қазақмыс» корпорациясы апаттың алдын ала себебін айтып, қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек берілетіні жөнінде мәлімдеме жасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.