Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталды
Фото: ҚМА баспасөз қызметі
513
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

- БАҚ тарапынан келіп түскен сұрауларға байланысты, ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды.

Барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына сай жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды, – делінген ҚМА таратқан ресми ақпаратта.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қарашасында Қазақстан футбол федерациясы Әділет Барменқұловтың ҚФФ президенті қызметінен өз еркімен кеткенін хабарлаған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.