Іс-шараны Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТИЖО) ұйымдастырды. Бұл кез-десу UNIDO және Жаһандық экологиялық қордың (GEF) қолдауымен іске асырылатын GCIP-Kazakhstan акселерациялық бағдарламасының қорытынды кезеңіне арналды.
Іс-шара барысында қатысушылар экологиялық стартаптардың қазақстандық өнеркәсіптің өндірістік процестеріне интеграциялану перспективаларын талқылап қана қоймай, орнықты шешімдерді масштабтаудың бар кедергілері мен мүмкіндіктерін айқындады, сондай-ақ инновациялық технологияларды дамытудағы ғылымның, бизнестің және мемлекеттің рөлін қарастырды.
«Бұл жай ғана инновация емес, қоршаған ортаға әсерді қысқартуға нақты қабілеті бар қолдан-балы шешімдер туралы. Стартаптар ұсынатын икемді технологияларды кеңінен енгізу маңызды», – деді министр Ерлан Нысанбаев.
Ашық диалог форматында министр QazInnovation қоры өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, сондай-ақ озық климаттық және ресурс үнемдеу жобаларын іске асыратын GCIP-Kazakhstan финалистер командаларымен тікелей сөйлесті.
ХЖТИЖО басқарма төрағасы Сәкен Қалқамановтың айтуынша, GCIP бағдарламасы тек перспективалы жобаларды анықтап қана қоймай, оларды нақты экономикаға енгізуге қажетті тетіктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіпте жасыл технологияларды қолдану тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізудің кілті екенін атап өткен жөн. Осы технологияларды белсенді түрде енгізетін өнеркәсіп салалары табиғи ресурстарды сақтауға, қоршаған ортаның ластануын азайтуға және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Іс-шара аясында кең ауқымды қолдануға әлеуеті бар үш стартап-жоба таныстырылды:
Krintel (Алматы) – қатты тұрмыстық қалдықтарды пиролиз әдісімен өңдейтін жүйе. Бұл техно-логия жыл сайын 19 мың тоннаға дейін CO₂ шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Қуат-тылығы тәулігіне 1000 тонна болатын зауыт жобасы Қонаев қаласы үшін әзірленген.
Ozen-M – су ресурстарын басқаруға арналған IoT платформасы. Жоба Оңтүстік Қазақстан өңір-лерінде сәтті қолданылып жатыр және GCIP бағдарламасының 2024 жылғы Венадағы жаһандық финалында үздік деп танылған.
Су жөніндегі ғылыми-технологиялық орталық (Петропавл қаласы) –Chlorella vulgaris микро-балдырлары негізінде сарқынды суларды биологиялық тазалау шешімін ұсынды. Бұл әдіс метан шығарындыларының алдын алып, дәстүрлі тазалау тәсілдеріне орнықты балама ұсынады.
Талқылау нәтижесінде қатысушылар стартаптарды нарыққа шығару үшін пилоттық алаңдар, мемлекет пен жекеменшік серіктестік үлгілері және институционалдық қолдау қажет