Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру майдангерлердің ерлігіне тағзым етіп, Тәуелсіз Қазақстан армиясының бүгінгі күш-айбынын көрсетуді көздеп отыр.
Жеңістің 80 жылдығы: «Бук», «Тор» зенитті-ракета кешені, «Барыс», «Алан», «Айбар», «Таймас», «Террекс» машиналары көпшілікке көрсетілді
722
оқылды

Шеруге Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрінен 4 мыңнан аса әскери қызметші қатысты. Сондай-ақ арнайы 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақ әкелінген.

Алғаш рет механикаландырылған колонналардың сапын «Бук», «Тор» зенитті-ракета кешендері, «Барыс», «Алан», «Айбар», «Таймас», «Террекс» дөңгелекті ұрыс машиналары, минаны залалсыздандыратын роботтары бар арнаулы автокөліктер толықтырып отыр.

Сонымен қатар отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары шығаруды жоспарлап отырған ұрыс машиналары, роботтандырылған қайық және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғылары таныстырылды.

Әуе кеңістігінен А-400 әскери-көлік ұшағы, L-410 жолаушылар ұшағы және Би-300 патруль ұшағы ұшып өтті.

Бұған дейін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан әскери шерудің дайындық барысын жазған болатынбыз.