Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Президенттік оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.