Қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды.
Бұршақ жауады: 9 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
5,399
оқылды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 9 мамырда еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі бар. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Атырау облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда күннің соңында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыс бойынша найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысының шығысында, орталығында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстіктен-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз 15-20, облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі бар. 

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. 

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында күндіз найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенші өрт қаупі бар. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысында найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 36 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз онтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақытта екпіні 25 м/с. 

Астанада күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.