Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертке барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін келген шет мемлекеттердің басшыларымен бірге Үлкен Кремль сарайында өткен мерекелік концертті тамашалады.
Кремль сарайындағы мерекелік концерт алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен әңгімелесті.
Қытай басшысы келесі айда Қазақстанға сапармен келеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.