10-мамыр күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Ұйымдастырушылар таратқан мәліметке сәйкес, бүгін таңғы 7.00-де 19 команда Алматы облысы, Қонаев қаласының маңынан жорықты бастап, Алматы облысының аумағындағы Бақбақты ауылының маңынан аяқтады.
Бірінші кезең қорытындысы бойынша, Ұлытау облысының командасы жеңімпаз атанды. Қарағанды облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Қырғызстанның бірінші командасы үштікті түйіндеді.
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Алматы облысының аумағын қамтиды. Марафон 14 мамыр күні Қонаев қаласында аяқталады.
Қолдау көрсетушілер: «Amanat» партиясы және Алматы облысының әкімдігі
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз