Синоптиктердің болжамы бойынша, елдің кей өңірлерінде аптап ыстық болады.
35-38 градус аптап ыстық болады: 14 мамырға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
2,244
оқылды

Синоптиктер ертең, 14 мамырдағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, елдің кей өңірлерінде аптап ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде нөсе жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, орталығында шаңды дауыл, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде 36 градус аптап ыстық болады. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. 14-16 мамырда күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 14-16 мамырда облыстын солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында, жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысының батысында найзағай, бұршақ жауады. Шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар. 

Қызылорда облысында 40-43 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар. 

Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр, күндіз бұршақ жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында кей уақыттарда жаңбыр, күндіз бұршақ жауады Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. 14-16 мамырда күндіз Алматы облысында 35-39 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.