Зайсандық жас дәрігер мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отыр. Мемлекеттің ауылдық өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауы жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік қызметтердің сапасын көтеруге нақты ықпал етіп отыр.
Зайсан ауданының тұрғыны, жас стоматолог Мақсұтқан Жеңісхан «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5% жеңілдетілген несие алып, өз ісін дамытуға үлкен мүмкіндік алғанын жеткізеді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген пайызбен берілген несие арқылы стоматологияға қажетті жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік алғаныма зор ризашылығымды білдіремін. Бұл – мен үшін ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындары үшін үлкен игілік. Осындай мүмкіндіктердің арқасында кәсібімді дамытуға және ауыл тұрғындарына заманауи, сапалы қызмет көрсетуге жол ашылды», – дейді Мақсұтқан Жеңісхан.
Жаңа стоматологиялық қондырғылардың көмегімен енді Зайсан қаласының тұрғындары қалаға сабылмай-ақ сапалы әрі заманауи медициналық қызмет ала алады. Бұл шалғай өңірлерде жиі кездесетін медициналық қолжетімсіздік мәселесін шешеді деуге болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.