«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ ШҚО филиалының белсенді жастары Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің елім – менің Туым» акциясын өткізді.
Шығыс Қазақстан облысында патриот жастар ел рухын көтерді
Фото: amanatpartiasy.kz
2,264
оқылды

Акция аясында шығыстық «Жастар рухы» мүшелері қаламыздағы биік ғимараттарды қазақтың көк байрағымен безендіріп, ел рухын көтеретін ерекше атмосфера қалыптастырды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгінде мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – әр қазақтың жүрегіндегі мақтанышы, тәуелсіз еліміздің басты құндылығы. Бұл рәміздер – халқымыздың бірлігі мен болашағына деген сенімінің символы.

«Біз бұл бастаманы жастардың бойында елжандылық пен патриоттық сезімді арттыру мақсатында ұйымдастырдық. Мемлекеттік рәміздер – бұл тек белгілер емес, олар – біздің өткеніміз, бүгініміз және жарқын болашағымыз. Осындай акциялар арқылы біз жастарды елін, жерін құрметтеуге шақырамыз», – дейді «Жастар рухы» ЖҚ ШҚО филиалының төрағасы Қорлан Туғанбаева. 

Ел аман, бірлігіміз бекем болсын!