Сиыр иесі сотқа шағымданып, жүргізушіден малдың құны 350 мың теңгені өндіріп беруді сұраған.
Көлік жүргізушісі жолда сиырды қағып, өзімен бірге алып кеткен
istockphoto.com
6,277
оқылды

Оқиға Қызылорда облысы Жалағаш ауданында болған. Бұл туралы Қызылорда облыстық соты мәлімдеді, деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. 

Соттың хабарлауынша, сиыр иесі сотқа шағымданып, жүргізушіден малдың құны 350 мың теңгені өндіріп беруді сұраған.

Алайда тараптар Жалағаш аудандық сотында медиация тәртібімен келісімге келіп, іс бейбіт жолмен шешілді.

Соттың шешімі бойынша жүргізуші сиыр иесіне 150 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Осылайша, сиыр иесі бастапқы талабынан бас тартқан. Сонымен, полиция бұл іске қатысты әкімшілік құқықбұзушылық құрамы жоқ деп танып, істі тоқтатқан.