Сот процесі Жоғарғы соттың Youtube арнасында тікелей эфирде өтіп жатыр.
Шерзат Полатты өлтірген Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды
1,137
оқылды

Бүгінгі кезекті сот отырысында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі қылмыстық іс бойынша сот үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Абзал Шынасыл Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бап 2-бөлігі 5, 9, 14-тармақтары (адам өлтіру), 24-бап 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 99-бап 2-бөлігі 1, 7, 9-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған ҚК 99-бабы 5, 9, 14-тармақтары бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, ҚК 24-бап 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), 99-бап 2-бөлігі 1, 7, 9-тармақтарымен 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы, ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, түпкілікті 23 жылға сотталды. 

Төбелес кезінде Шынасыл кәмелет жасқа толмаған Полаттың кеуде тұсының сол жағына бір рет пышақ сұғып алады, ол кейін 2024 жылғы 11 қаңтардағы № 173 сараптаманың қорытындысына сәйкес, Шерзатты өліміне себеп болғаны анықталды.