Бұйрық жобасы 19 маусымға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Қазақстанда темекі тағы да қымбаттайды
istockphoto.com
584
оқылды

Қаржы министрлігі темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек бағаларын көтеру туралы бұйрық жобасын жариялады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Құжатта сүзгісі бар және сүзгісіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекі өнімдеріне қатысты жаңа баға шектері көрсетілген.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл өзгеріс темекіге қатысты салмақты салықтық және баға саясатын жүргізу мақсатында қолға алынған. Сонымен қатар, темекі бағасын көтеру арқылы Қазақстанда темекінің таралуы мен тұтынуын азайту көзделіп отыр.

Бұйрық жобасы 19 маусымға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз