Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселе бойынша Бақытжан Сағынтаевты қабылдағаны туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысына Еуразиялық экономикалық одақты дамыту перспективалары баяндалды
Фото: akorda.kz
379
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысына IV Еуразиялық экономикалық форумға және 26-27 маусым күндері Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы баяндалды, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.