Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Португалия президентіне құттықтау жолдады
Фото: Ақорда
254
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген байланыстың жетістікке толы боларына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас португал халқына құт-береке тіледі.