Си Цзиньпин 2020 жылдан бері Қазақстанға үшінші рет келіп отыр.
Қазақстанға Қытай төрағасы Си Цзиньпин сапармен келді
Фото: gov.kz
327
оқылды

Ақорданың ақпаратына сәйкес, Aikyn.kz бүгін Астанаға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин сапармен келгені туралы  хабарлайды.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин 16-18 маусым аралығында Астанада  ресми сапармен болады. Ол «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысына қатысады. 

Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрген.

Бұған дейін Aikyn.kz Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді деп жазған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.