— Дәрігер Talks — дәрігерлерге шабыт беріп, күш-жігерін арттырған ерекше шара. Қазақстанның ең мықты дәрігерлері өз тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға жол көрсетті, алға ұмтылуға, медицинаның қадірін түсінуге шақырды. «Amanat» партиясы осындай мүмкіндіктер жасап, медицинадағы өзекті мәселелерге қоғам назарын аудартты. Дәрігер Talks медицина саласына деген сенімді күшейтіп, Қазақстанның жарқын болашағына сенім ұялатты.
Екіншіден, бұл іс-шара бізге дәрігер мамандығының тек күрделі де жауапты ғана емес, сонымен қатар аса қадірлі, игілікті (благородная) кәсіп екенін тағы бір мәрте ұғындырды. Дәрігер Talks барысында Қазақстанның ең мықты, үздік дәрігерлері өз тәжірибелерімен, өмірлік сабақтарымен, күрделі де қызықты жолдарымен бөлісті. Олардың сөздері жүрекке жетіп, бізге тек күш-жігер емес, алға ұмтылуға, еліміздің денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге көтеруге деген сенім ұялатты. Бұл — жас буын дәрігерлер үшін ғана емес, тәжірибелі мамандар үшін де үлкен серпіліс. Осындай іс-шараларды ұйымдастыруға мұрындық болған «Amanat» партиясына ерекше алғыс айтамыз. Себебі бұл тек кездесу емес, қоғам мен медицинаны байланыстыратын, халықтың дәрігерлерге деген сенімін арттыратын маңызды қадам. Иә, медицина саласында шешімін күткен мәселелер аз емес. Бірақ Дәрігер Talks бізге сол мәселелерді бірігіп шешуге, қоғамның назарын аударуға болатындығын көрсетті. Қазақстан медицинасының болашағы жарқын. Бізде білімді, білікті мамандар бар. Ендігі міндет — сол мамандардың тәжірибесі мен қажырлы еңбегін ел игілігіне жарату. Дәрігер Talks сияқты жобалар — осы жолдағы сенімді баспалдақтар, — деді Гүлжазира Дүйсекенова.