Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы, гранты және алғысы табысталды.
Мемлекет басшысы отандық журналистиканың дамуына үлес қосқан бір топ азаматты марапаттады
Фото: Ақорда
371
оқылды

Мемлекет басшысы отандық журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы, гранты және алғысы табысталды.

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 24 маусымдағы №226 өкімімен

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:

1. «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары – Талғат Садықұлы Батырханға;

2. «АЙҚЫН-ЛИТЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – Талғат Ешенұлы Қырықбаевқа; 

3. «Казахстанская правда» газетінің бөлім редакторы – Юлия Дмитриевна Магерге;

 4. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының шеф-редакторы  – Армангүл Тоқтамұратқа берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:

1. «Kokshe» телеарнасының шеф-редакторы – Зарина Өмірғалиқызы Бекқалиеваға; 

2. «Jibek Joly / Silk Way» телеарнасының тілшісі – Күнсая Құрмет-Рахимоваға;

3. «Abay Live» YouTube арнасының авторы және жүргізушісі – Абай Сейфуллаұлы Тіленшиевке;

4. «Тengrinewskz» сайтының тілшісі – Алина Александровна Шашкинаға тапсырылды;  

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

1. «Ana tili» газетінің шығармашылық ұжымына;

2. «BALAPAN» телеарнасының шығармашылық ұжымына;

3. «Soltustik Qazaqstan» газетінің шығармашылық ұжымына;

4. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының ұжымына жарияланды.