Тарихшының сөзінше, қазақ халқы да басқа түркі халықтары секілді сан ғасырлық тарих толқынында түрлі жазу нұсқаларын пайдаланған.
Елімізде көне жазба мұраларды тану мектебі әлі толық қалыптаспай келеді – тарихшы
e-history.kz
756
оқылды

Бүгінде Жапония елінде тұратын, Токио шетел тілдері университеті Азия және Африка тілдері мен мәдениетін зерттеу институтының визитинг-порфессоры, ғалым, тарих ғылымдарының докторы Дүйсенәлі Әбділәшімұлы еліміздегі көне жазба мұраларды тану ісі толық қалыптаспағанын айта келе, салдарынан түпнұсқа арқылы тарихты пайымдау артта қалып жатқанын айтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты e-history.kz сайтындағы материалға сілтеме жасап.

– Қазақ халқының жазу мәдениетіне тоқталғанда оның тарихта қолданған жазу үлгілерін айтпай кетуге болмайды. Қазақ халқы да басқа түркі халықтары секілді сан ғасырлық тарих толқынында түрлі жазу нұсқаларын пайдаланған. Сондықтан қазақтың ескі жазба тілін жан-жақты зерттеп, мемлекет тілі аясында қарастырған жөн, немқұрайды қарамау қажет. Елімізде көне жазба мұраларды тану мектебі әлі толық қалыптаспай келеді. Соның салдарынан түпнұсқа мәтіндерге сүйеніп, тарихты пайымдау жақтары кенже қалып отыр.

Көне түркі тілі дегенде көбінде Орхон-Енисей жазулары меңзеледі, бұл буындық жазу түріне жатады. Енді бір жазу үлгісі – көне ұйғыр жазуы, «соңғы соғды жазуы» деп те аталады, бұны кезінде қазақты құраған ру-тайпалар да қолданған, кейін моңғолдар, одан мәнжулар ішінара өзгерістер енгізіп пайдаланды, бүгінгі таңда моңғол, мәнжу халықтарының ұлттық жазуы ретінде қалыптасып кетті. Ал араб атты әскерлерінің Орталық Азияға жасаған жорықтарынан кейін араб-парсы мәдениеті бұл өңірлерге біртіндеп жалпыласа бастады, осымен бірге араб әліпбиі де енді, алдыңғы қолданылған жазулар бірте-бірте ығыстырылып, қолданыстан шығып қалды. Осындай тарихи жағдай астында Орталық Еуразия түркі халықтарына ортақ, араб әліпбиімен таңбаланатын көне түркі жазба тілі (бұны батыста, көбінде «шағатай тілі» деп атап жүр) барлыққа келді. Бұл жазу түрінің қазақ халқын өз ішіне қамтыған Орталық Еуразия түркі халықтарының жазу мәдениеті тарихында алатын орны айырықша, тіпті күні бүгінге дейін қолданылып келеді,- дейді тарихшы.