Биыл 90 жылдығы аталып жатқан жазушы, этнограф, зерттеуші, марқұм Зейнолла Сәніктің 15 томдық кітабы бар
«Қазір дастарқанға бата беру ғана қалды»: профессор оның түрлері жайлы айтты
istockphoto.com
992
оқылды

Үлкеннің ақылы, дананың дұғасы, халықтың тілегі. Бата – қазақтың жанына біткен жақсылықтың жарығы. Сол жарықты ұлықтай білсек, ұтылғанымыз жоқ. Айқын тілшісі батаның түрлері туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимовтан сұрады

Түрі көп: дастарқанға, баланы сүндетке отырғызғанда, алғаш тайға мінгізгенде, бие байлағанда – «қымыз мұрындық» дейді, биені ағытқанда – «сірге жияр» бар, жаңа үйге кіргенде, алыс сапарға шыққанда, аңға шыққанда  барша игі істің алдында үлкендерден бата сұрайды. Содан қазірге дейін сақталғаны – дастарқанға бата беру. Бұл – бүкіл елдің амандығын, халықтың бақытты болуын, мемлекеттің мәңгі өмір сүруін, келешек ұрпақ амандығын тілеу. Ал жаңа отау құрғандарға арналған мынадай бір бата бар:

– Жас ананың ұйқысын берсін,

Жас баланың күлкісін берсін.

Даланың жазықтығын берсін,

Гүлдің нәзіктігін берсін.

Түнгі оттың жалынын берсін,

Асаудың арынын берсін.

Алла тағала не берсе – қайырлы, құтты қылып берсін!

Биыл 90 жылдығы аталып жатқан жазушы, этнограф, зерттеуші, марқұм Зейнолла Сәніктің 15 томдық кітабы бар. Онда Қытай қазақтарының бата сөздері келтіріледі. 

Сұхбатты мына сілтемеден толық оқи аласыз.