Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады
Фото: Ақорда
386
оқылды

Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесті. 

– Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Ертең, яғни 29 шілде күні мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.