Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Президент теміржол саласының ардагеріне Қазақстанның Еңбек Ері атағын, Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін берді
Фото: Ақорда
666
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді,  – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды. Бұл туралы Ақорданың ақпаратында жарияланды.

Қалтай Сәмбетов - теміржол саласына 60 жылдан астам уақыт арнаған аңыз адам. Еңбек жолын 18 жасында Аягөз сигнализация және байланыс дистанциясының монтері болып бастаған. Инженерден ҚТЖ-ның бірінші вице-президентіне дейінгі түрлі қызметтерді атқарған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.