Aikyn.kz майлылығы жоғары тамақтың зиянын zmescience.com сайтының материалына сүйеніп талдайды.
Қанықпаған майларға бай тағамдар пайдалы. Фото thewell.northwell.edu сайтынан алынды
Тамақтағы майлар біздің рационымызда маңызды рөл атқарады. Олар энергияның шоғырланған көзі болып саналады, дәрумендерді тасымалдайды. Ағзада жиналып, мүшелерімізді қорғайды және жылуды сақтауға көмектеседі. Біз екі негізгі май түрін тұтынамыз: қаныққан және қанықпаған (моноқанықпаған және полиқанықпаған) майлар. Олар химиялық құрамымен ерекшеленеді.
Бірақ бұл майлар ағзаға әртүрлі әсер етеді. Мысалы, қаныққан майлар мөлшері жоғары тағамдарды (фастфуд пен пицца сияқты) жеу қан тамырларына және жүрекке зиян келтіретіні бұрыннан белгілі. Бұл әсер тек жүрекпен шектелмейді.
Біздің миымыздың энергия қоры шектеулі. Сондықтан оның қалыпты жұмысын сақтау үшін үздіксіз қан ағымы қажет. Қан миды оттегі және глюкозамен қамтамасыз етеді.
Ағза бұл ағымды тұрақты ұстап тұратын тәсілдердің бірі – «динамикалық церебралды аутореттеу» деп аталатын процесс. Бұл механизм артериялық қысымдағы күнделікті өзгерістерге (мысалы, орнынан тұрған кезде немесе жаттығу жасағанда) қарамастан, миды тұрақты қанмен қамтамасыз етеді.
Бірақ бұл процесс бұзылғанда, қан қысымындағы ауытқуларды бақылау қиындайды. Нәтижесінде миға уақытша қанның жетіспеуі немесе артық келуі орын алады. Уақыт өте келе бұл инсульт пен деменция сияқты аурулардың даму қаупін арттырады.
Қаныққан майлылығы жоғары тамақтан кейін қандағы май деңгейі артып, шамамен төрт сағат ішінде ең жоғары шегіне жетеді. Фото express.co.uk сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images
Қаныққан майлылығы жоғары тамақтан кейін қандағы май деңгейі артып, шамамен төрт сағат ішінде ең жоғары шегіне жетеді. Бұл кезде қан тамырлары қатаңдап, босаңсу және кеңею қабілетін жоғалтады. Мұндай жағдай ағзадағы қан айналымын шектейді. Алайда дәл осы уақытта мида не болатынын және оның қанмен қамтамасыз етілуі қаншалықты екенін білейміз.
Осы мәселені зерттеу үшін британдық, француздық, жапондық және канадалық ғалымдар тобы 18–35 жас аралығындағы 20 жас жігітті және 60–80 жас аралығындағы 21 ер адамды зерттеген. Біз жүрек пен ми саулығына қатысты қан тамырларының қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін майлы тамақ ішер алдында және одан төрт сағат өткен соң өлшеген.
Жүректің жағдайын бағалау үшін қан ағымы артқанда қолдың қан тамыры қаншалықты кеңейетінін тексерген. Ал ми қан тамырларының қан қысымындағы өзгерістермен қаншалықты жақсы күресетінін анықтау үшін қатысушылар өз салмағымен отырып-тұру жаттығуын орындаған. Екі жағдайда да қан ағымын бағалау үшін ультрадыбыстық әдіс қолданылған.
Тексеру тағамы ретінде зерттеу тобы кілегейден дайындалған сүт коктейлін ұсынған. Оны зерттеушілер «миға арналған бомба» деп атаған. Оның қуаты 1362 калорияны және 130 г майды құраған, бұл фастфудтағы май мөлшеріне тең.
Нәтижелер алдыңғы зерттеулерді растаған: майлы тамақ жеу жастардың да, қарт адамдардың да қан тамырларының кеңею қабілетін төмендеткен. Бұл бұзылу әсіресе қарттардың миы тағам әсеріне әлдеқайда осал екенін көрсеткен.
Аптасына бір рет қабылданған майлы астың зияны аз болуы мүмкін. Бірақ зерттеу нәтижесі көрсеткендей бір рет қана қабылданған майлы тамақтың өзі ағзаға дереу әсер ететінін көрсеткен.Зерттеу қаныққан майлары аз тағамды тұтынудың маңызын көрсетеді. Бұл жүректі ғана емес, миды да қорғайды. Әсіресе қарт адамдар үшін маңызды. Өйткені олардың миы мұндай тамақтың әсеріне әлдеқайда сезімтал және инсульт пен нейродегенеративті ауруларға бейім.
Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі (NHS) ер адамдарға күніне 30 г-нан, әйелдерге 20 г-нан артық қаныққан май тұтынбауды ұсынады. Дегенмен үйге тапсырыс үйге тамақ алдыру, дәмханалардағы түскі ас немесе фастфуд арқылы адамдар бұл норманы жиі асырып жібереді.
Бұдан бөлек, өміріміздің көп бөлігін біз тамақтан кейінгі күйде өткіземіз. Бұл кезең «постпрандиалды липемия» деп аталады және қандағы май деңгейінің жоғары болуымен сипатталады. Бұл кезде ағза ең жоғары қауіпке ұшырауы мүмкін.
Фастфуд пен пицца қан тамырларына және жүрекке зиян. Фото bizjournals.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images
Бұл тақырыпта әлі толық зерттелмеген, белгісіз жайттар әлі көп. Қоғамдық денсаулық сақтау ұсыныстары қаныққан майларды полиқанықпаған майлармен алмастыруды ұсынады. Олар ұзақ мерзімде жүрек пен мидың жұмысын жақсартатын майлы балық, грек жаңғағы және тұқымдарда кездеседі. Сондай-ақ, әйел миының майлы тамаққа қалай әрекет ететіні белгісіз. Әйелдер қартайған шақта инсульт пен деменцияға ерлерге қарағанда көбірек шалдығады.
Халықаралық ғалымдар тобының жаңа зерттеуі тамақтану тек ұзақ мерзімді денсаулығымызды ғана қалыптастырмайтынын еске салады. Әзір ішкен тамағыңыз ағзаңыз бен миыңызға нақты уақыт режимінде әсер етеді. Сондықтан, жүрек пен мидың саулығы үшін қабылдаған әрбір ас маңызды екенін ұмытпаңыз. Сау да мағыналы өмір сүріңіз!
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.