Ол 10 қазанда Мехикодағы Palacio de los Deportes сарайында өтеді.
«Билеті тез өтіп кеткен»: Димаш Құдайбергеннің шетелде үлкен концерті өтпек
astanatv.kz
964
оқылды

Әнші Мексика астанасы Мехикода екі жеке концерт өткізетінін мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, 8 қазандағы алғашқы шоу билеттері жылдам өтіп кеткендіктен, жанкүйерлердің сұрауы бойынша екінші  Stranger концерті ұйымдастырылмақ.

Ол 10 қазанда Мехикодағы Palacio de los Deportes сарайында өтеді.

Билеттердің алдын ала сатылымы 14 тамыз күні сағат 11:00-де Banamex жүйесінде басталады. Жалпы, сатылым 15 тамызда, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де ашылады.