Ал Корпорацияны алты жылдан астам уақыт басқарған белгілі медиаменеджер Ләззат Танысбай өз өтінішімен бүгін қызметін аяқтады.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы тағайындалды
Фото "Қазақстан" телеарнасының ресми парақшасынан алынды
1,288
оқылды

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы қызметіне Ернұр Бурахан тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ернұр Көшерханұлы Бурахан 1981 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Журналистика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Әр жылдары Qazaqstan  телеарнасында тілші, тележүргізуші, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Ақтөбе облыстық филиалының директоры, «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС директоры қызметтерін атқарды. Соңғы екі жылда Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінде болды. 

Ал Корпорацияны алты жылдан астам уақыт басқарған белгілі медиаменеджер Ләззат Танысбай өз өтінішімен бүгін қызметін аяқтады. Бүгіннен бастап Ләззат Танысбай отандық «Еуразия» Бірінші арнасына» жетекшілік етеді.

Л.Танысбай 2019 жылдан бүгінге дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясын, әр жылдары  Astana TV  телеарнасын, «Нұр-Медиа» медиахолдингін басқарды. Журналистика мен медиаменеджмент саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар. Ұзақ жылғы кәсіби қызметінде отандық медиасаладағы бірқатар реформаланың жүзеге асуына бастамашы болды. Оның жетекшілігімен мәдени-ағарту бағытындағы  Abai TV телеарнасы мен балаларға арналған  Balapan арнасы ашылды. Сондай-ақ телевизиялық контентті цифрлық кеңістікке бейімдеу бағытында веб-телеарналар мен онлайн-платформалар іске қосылды.