Осы әрекеті үшін Сармановаға қоғамдық тәртіпті бұзды деген айып тағылып, айыппұл салынған.
«Адам өлтіру бабымен келіспеймін»: Шерзат Болат ісіне қатысты тың ақпарат шықты
Жоғарғы сот
877
оқылды

Сот Шерзат ісі бойынша айыпталушы Равиль Сакиевті бұзақылық пен кісі өлтіруге оқталғаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді. Үкім жарияланған сәтте оның анасы Баян Сарманова бірден айғай шығарып, жанжал тудырған еді. Сол кезде ол сот барысынан хабар таратып жүрген журналистерге де дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осы әрекеті үшін Сармановаға қоғамдық тәртіпті бұзды деген айып тағылып, айыппұл салынған.

Бүгін апелляциялық шағым қаралуы барысында Б. Сарманова сол қылығы үшін журналистерден кешірім сұрап, олардың тек өз қызметін атқарып жүргенін мойындады.

«Эмоцияға беріліп, балағат сөздер айтқаным үшін дәл журналистерден кешірім сұраймын. Сіздердің бұл іске қатыстарыңыз да, кінәларыңыз да жоқ. Ол сіздердің жұмыстарыңыз. Ал мен бүгінгі апелляциялық сотта қасақана адам өлтіру бабымен айыптап, 20 жылға соттағанына, сол 99-бапқа келіспеймін. Балам да келіспейді. Ол жерде бейнетаспада кімнің қолында пышақ болғаны көрініп тұр. Менің баламды дәлелденбеген деп прокуратура өзінің жазғанына өзі қайшы шығып жатыр. Баламды 293-баппен, бұзақылық жасады деп айыптағандарына келісемін.  Бүкіл сотта мен балалардан сұрап шықтым. Олар Равиль қайда бара жатқанын білген жоқ деді. Мен бүгінгі сотқа соны сұрап келіп тұрмын», — деді Равильдің анасы Б.Сарманова. 

Айта кеткен жөн, сотталушы Р.Сакиевтің анасы бұған дейін өз баласын қорғап, сотта сөз сөйлеген.