Павлодар облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды.
Бұршақ жауады, дауыл тұрады: 21 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
2,968
оқылды

Синоптиктер 21 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың шағысында, таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 21 тамызда кей уақыттарда найзағай ойнайды.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 21 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 21 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 21 тамызда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады.

Күндіз Қарағанды облысының шығысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 21 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болуы мүмкін. Күндіз облыстың батысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 21 тамызда түнде найзағай ойнайды.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда  21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 21 тамызда түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

21 тамызда Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болу ықтималдылығы жоғары. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 21 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнап, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар. Семейде 21 тамызда найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз  облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 21 тамызда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Петропавлда 21 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұрщақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Астанада 21 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей уақыттарда соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.