Сонымен қатар ол тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары шыққан төл теңгемізді де безендіруге атсалысқан.
«Төл теңгені безендірген»: Қазақстандағы танымал суретші өмірден өтті
syr-media.kz
725
оқылды

Бүгін танымал суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ағымсалы Дүзелханов өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ағымсалы Дүзелханов – Қызылорда облысы Қазалы ауданында 1951 жылы 19 тамызда дүниеге келген. 

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Ағымсалы Дүзелханов фольклорлық-тарихи тақырыптарға арналған 300-ден астам кітап пен 50 плакатты, сондай-ақ жаңа буындағы көптеген мектеп оқулықтарын – «Әліппе», «Бейнелеу өнері», «Музыка», «Ежелгі Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі» және т. б. безендірді. Сонымен қатар ол тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары шыққан төл теңгемізді де безендіруге атсалысқан.

Туындылары Қазақстанның және шетелдердің өнер мұражайларына қойылған. Кітап және қондырғылы графика саласында жұмыс істеген. А. Дүзелханов Б. Есмахановпен бірігіп жасаған 1990 жылға арналған «Абай» плакат-күнтізбесі «Өнер» баспасынан 1989 ж. жарық көрген. Ташкентте өткен еларалық конкурста арнайы дипломмен марапатталған.