Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды.
Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 22 тамызға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
432
оқылды

22 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл, шаңды дауыл тұрады, өрт қаупі бар. Көп өңірде жел екпіні 15-28 м/с дейін жетіп, ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шағысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. 22-23 тамызда облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 22 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ жауады. Найзағай ойнайды. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Павлодарда 22 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертен тұман болады.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 22 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 22 тамызда күндіз найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 22 тамызда күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Өскеменде 22 тамызда күндіз найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Семейде 22 тамызда күндіз найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай, дауыл болады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 22 тамызда шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда 22 тамызда күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 22 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар. Атырауда 22 тамызда түнде найзағай ойнайды.

Ақмола облысының батысында, шығысында жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда 22 тамызда түнде және таңертең найзағай, тұман болады.

Астанада найзағай ойнайды, күндіз бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Қонаевта 22 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.