Әлеуметтік желіде продюсер Гүлзира Айдарбекова оқырмандарының пікіріне байланысты ашуын білдірді.
Ол өзінің парақшасына кезекті тойдан түсірілген видеосын жүктеген соң, кейбір қолданушылар жағымсыз пікірлер қалдырған. Сол пікірлердің ішінде «Қайраттың екінші отбасы бар» деген сөздер Г.Айдарбекованың ашуына тиді.
Продюсер мұндай пікір иелеріне қатаң ескерту жасап: «Сізді сотқа берем! Барлығын дәлелдеп бересіз! Күтіңіз!» – деп жауап жазды.
