Арнайы заң жобасы жарияланды.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап жалақы мен зейнетақы өседі
istockphoto.com
2,384
оқылды

Қаржы министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын жариялады. Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштердің мөлшері мынадай болады:

  • Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;

  • Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 85 000 теңге;

  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге;

  • Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;

  • Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Сонымен қатар 2026 жылдан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалатын зейнетақы төлемдері 10%-ға өседі.

Мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын жарна көлемі есептеу объектісінің 2%-ы мөлшерінде белгіленбек.