Қазгидромет сенбі, 6 қыркүйекте Қазақстан бойынша ауа райы қолайсыз болатынын ескертті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ түсіп, дауыл тұрады, күн райы бұзылады.
Еліміздің оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады.
Қазақстан аумағының басым бөлігі циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Еліміздің солтүстік-батысында бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.