Сонымен қатар арнайы жасақ баланы құтқару операциясын жүргізді.
«Ер адамды өлтіріп, қызды  алып кеткен»: Талғардағы қылмысқа қатысты күдіктіні ұстады
765
оқылды

Талғарда баланы ұрлап, ер адамды өлтірді деген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Күдікті қолға түсті. Қылмыс құралы ретінде келте мылтық тәркіленді», – деп мәлімдейді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар арнайы жасақ баланы құтқару операциясын жүргізді. Қыз бала босатылып, аман-есен қалды. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Ол анасымен қауышты, дәрігерлер тексерістен өткізіп жатыр.

«Ішкі істер министрі арнайы операцияның барысын жеке бақылауына алды», – деп қорытындылады министрлік өкілі.

Еске сала кетсек, Талғарда ер адамды атып өлтіріп, кішкентай қызды ұрлап кеткен еді. Оқиғаға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала болжам бойынша, күдікті мен бүлдіршіннің анасы бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Сол күні олардың арасында жанжал туындап, күдікті әйелдің ағасына оқ атқан. Ер адам оқиға орнында көз жұмады. Ал сол қылмыстан кейін күдікті қызды алып қашып кеткен еді.