Тәшкенбай әлем чемпионатына екінші рет қатысып отыр – 2023 жылы алтын жүлде иеленген болатын.
Санжар Тәшкенбай финалға өтті
3,699
оқылды

Санжар Тәшкенбай жартылай финалда ол Куба боксшысы Алехандро Кларо Физумен кездесті. Бірінші раундта төрешілер жеңісті кубалыққа берді – 3:2. Екінші раундта қазақстандық боксшы нокдаунға қарамастан айқын басымдық танытып, 4:1 есебімен өз пайдасына шешті.

Енді Тәшкенбайдың қарсыласы Суши Макино (Жапония) мен Алдаркхишиг Баттулга (Моңғолия) арасындағы жекпе-жектен кейін белгілі болады.

Санжар Тәшкенбай – 2023 жылғы әлем чемпионы. Егер ол Ливерпульдегі финалда жеңіске жетсе, қазақстандық бокс тарихында Серік Сәпиевтен кейін (2005, 2007) екі дүркін әлем чемпионы атанған екінші ер спортшы болады