Ливерпульде өтіп жатқан World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионатында қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан (55 кг) финалға жолдама алды.
Жартылай финалда ол қытайлық Лю Чуаньмен кездесіп, барлық бес төрешінің бірдей шешімімен айқын басымдық танытты – 30:27.
Енді финалдағы қарсыласы Испания өкілі Рафаэль Лосано Серрано мен ирландиялық Тэди Джойс арасындағы жекпе-жектен кейін белгілі болады.
Бұл М. Сабырханның үшінші финалы:
-
2021 жылы – күміс жүлде иегері,
-
2023 жылы – әлем чемпионы,
-
2025 жылы – тағы бір финалға шықты.