Шектеудің себебі – жол бойындағы полигон аумағында шыққан өрт салдарынан түтіннің таралуы және көріну қашықтығының нашарлауы.
Полигон аумағындағы өрт: Алматы облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
1,071
оқылды

"ҚазАвтоЖол" Алматы облысында көлік қозғалысын шектеу туралы жедел ақпарат таратты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2025 жылғы 15 қыркүйек сағат 22:30-да Алматы облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 29-38 шақырымында (Байсерке көпірінен Әли көпіріне дейін) барлық көлік құралының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. 

Шектеудің себебі – жол бойындағы полигон аумағында шыққан өрт салдарынан түтіннің таралуы және көріну қашықтығының нашарлауы. 

Жолды ашу уақыты: 2025 жылғы 16 қыркүйек, сағат 07:00.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.