Қазгидромет 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 20 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Республиканың көптеген өңірінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.
Түнде Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде -1°С дейін үсік жүреді.
Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де болса оңтүстіктен келетін циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шығыста күшті жаңбыр жаууы, бұршақ жаууы және дауылды жел тұруы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс, орталық өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Тек елдің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, солтүстік-батыс антициклонының тармағының ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.