2025 жылғы 1 қарашадан бастап ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендейді.
1 қарашадан бастап ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі төмендетіледі
www.istockphoto.com
4,047
оқылды

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бірлескен қаулымен ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 25%-дан 20%-ға төмендету нормаларын 2025 жылғы 1 қарашаға дейін уақытша тоқтатты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл шешім банктерге алдағы өзгерістерге дайындалуға, ал қарыз алушыларға бұрын мақұлданған несиелерді бұрынғы шарттармен алуға мүмкіндік беру үшін қабылданған.

2025 жылғы 1 қарашадан бастап жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері мынадай болып белгіленеді:

екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар беретін несиелер бойынша:

кепілсіз банктік несиелерге – 46%;

кепілмен қамтамасыз етілген несиелерге – 35%;

ипотекалық тұрғын үй несиелеріне – 20%;

микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер бойынша – 46%.

Осылайша, 2025 жылғы 1 қарашадан бастап ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендейді. Айта кетсек, ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы бірлескен қаулы 2025 жылғы 8 қыркүйекте қабылданған болатын.