Қазгидромет 8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 8 қазанда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 8 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 8 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады. Облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 8 қазанда түнде топырақ беті қатып, 2 градус суық болады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 8 қазанда күндіз шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтауда 8 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Қарағандыда 8 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 8 қазанда түнде және таңертең тұман болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман болады.
8-9 қазанда Жетісу облысында түнде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Талдықорғанда 8-9 қазанда түнде сынап бағаны 3-5 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Түнде Алматы облысында сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.