Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округтің әкімі бейәдеп сөздер қолданылған видеоны анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Шілікті ауылдық округтің әкімі 36 жастағы Қуаныш Төлеуханға қатысты бейнежазба әлеуметтік желіде тараған болатын. Жазбада ауыл тұрғындары әкіммен кездесуге келіп, оған сұрақ қойып жатқанын көруге болады. Әңгіме барысында олардың арасында дау туындаған. Әкім өзін-өзі ұстай алмай, ашуланып, бейәдеп сөздер айтқан.
Облыс әкімдігі мәліметінше, осыған байланысты ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етілген.
"Әкімдік бұл материалдарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесіне жолдады. Кеңесте қызметтік әдеп нормалары бұзылуы қаралады. Мұндай әрекеттерге жол берілмеуге тиіс. Облыс басшылығы былапыт сөз қолдануға, әдепсіз қылық танытуға түбегейлі қарсы", – деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram