Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Үсік жүреді, дауыл тұрады: 10 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
438
оқылды

Қазгидромет 10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде екпінді жел, үсік, тұман мен шаңды дауыл болады. 

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында түнде 1-6 градус үсік жүреді. Талдықорғанда түнде 4-6 градус үсік болады.

Атырау облысының батысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. 10-11 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 10-11 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.

Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсік жүреді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.