19 қазанда жалауы желбірейтін халықаралық жарыста Қазақстан намысын Ілияс Әзізов, Зейнолла Ыдырысов, Милад Карими, Нариман Құрбанов, Дмитрий Патанин және Диас Тойшыбек қорғайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазіргі таңда ұлттық құрама спортшылары Токиода оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олар әлемдік деңгейдегі жапон гимнастарымен бірге тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдауда.
– Біздің спортшылар Олимпиада чемпиондары Дайки Хашимото мен Ока Шинасукэ сияқты жапон шеберлерімен бірге жаттығып жүр. Бұл — жарыс алдындағы аса маңызды дайындық кезеңі, – деді ұлттық құраманың бас бапкері Александр Ким.